«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инклюзивті білім беру жағдайында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» семинар-практикум

23.12.2022
2022 жылғы 15 желтоқсанда «Инклюзивті білім беру жағдайында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Бұл семинар мектептерде инклюзивтік тәжірибені жүзеге асыратын педагогтарға және осы тәжірибені әлі іске асыра алмайтын педагогтарға бағытталған. Сондай-ақ семинарға педагог-психологтар, логопедтер, дефектологтар қатысты.
Заманауи білім беру тәжірибесін дамытудың маңызды тенденциясы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды инклюзивті оқыту болып табылады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың тиімділігі көп жағдайда мұғалімнің ерекше қажеттіліктері бар баламен қарым-қатынас жасауға дайындығымен анықталады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қарым-қатынасқа психологиялық дайындығын қалыптастыру, психологиялық кедергілерді жою.
Педагогтер әріптестерінің жалпы білім беретін мектепте ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау туралы баяндамаларын тыңдады, орыс тілі, оқу және сөйлеуді дамыту сабақтарында қолданылатын логопедиялық әдістерді белсенді қолданды, тренингтік жаттығуларға қатысты.
Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, түйткілді мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында өзекті тақырып пен жұмыстың бұл түрінің маңыздылығы бекітілді.
Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст