Мектептегі ең маңызды құбылыс,
ең қызықты пән,
оқушы үшін ең тірі үгі
-мұғалімнің өзі.
( А. Дистервег )
Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ жоспары негізінде 2019 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 10:00-де Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ әдіскері Г.Ж. Исаеваның басшылығымен АББ мәжіліс залында мектепке дейіңгі мекееме әдіскерлері арасында әдістемелік кеңес өтті. Оған балабақша әдіскерлері, шағын орталық тәрбиешілері, мектеп алды даярлық мұғалімдері қатысты. Барлық педагогтар қызығушылық танытып, «Мен, педагог!» тренингте белсенді ат салысты. Кейін мынадай өзекті сұрақтар қаралды: «Шаңырақ» бөбек-жай бақшасының әдіскері Э.И. Дмитриева денсаулық сақтау технологиялары бойынша «Мен сау болғым келеді!» атты ұзақ мерзімді жобасын енгізу туралы есеппен таныстырты; «Балдырған» бөбек-жай бақшасы МКҚК әдіскері - Гульназ Мұхтарқызы Ануарбекова Львов НМ жанындағы «Ақ бота» шағын орталық тәрбиешісі – Анна Тимофеевна Дмитриева бірінші жарты жылдығының жұмыс қортындысын шығарды.
Барлық мұғалімдер өздерінің тәжірибелерімен қуана бөлісті, жақсы және көтеріңкі көңіл-күймен қалды!