АББ жоспары мен АББ бұйрығының негізінде қараша айында «Аудандық әдістемелік кабинет» КММ әдіскерлері аудан мектептері мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. Сабаққа қатысу мақсаты: аудан мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. «Державин қ. Н. Крупская ат.жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Державин қ. А. Үкібаев ат. жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Державин қ. Н. Островский ат. жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Пригородное ауылының Абай ат. жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Пятигор ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Уәлиханов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Отрадный ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Үшқарасу ауылының негізгі орта мектебі» КММ, «Зерноград ауылының негізгі орта мектебі» КММ сабақтарына қатысты. Бастауыш сыныптардағы сабақтарға, сондай-ақ гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы орта және жоғары сыныптардағы пәндерге қатысты. Әдіскерлер пән мұғалімдеріне ұсыныстар берді, сонымен қатар сабақты жоспарлау мен сабақтарды өткізуге көмек көрсетті.