Әр адамның басты құндылығы - денсаулық. Салауатты өмір салтын насихаттау-бұл дене шынықтыру және спортпен айналысу.
23 қарашада Н.Крупская атындағы орта мектебінде 6 сынып оқушыларының арасында «Мен чемпион» атты спорттық жарыс өтті. Бұл іс-шараға 3 команда қатысты.
Спорттық іс-шара басталар алдында барлық командалар сапқа тұрды. Аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі Зағират Асқарқызы Жұмағұлова салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараны ашты.
АӘД және дене шынықтыру пәні мұғалімі Жолдыбаев Газиз Сейтжанұлы оқушыларды спартакиаданың басталуымен құттықтап, сөз сөйледі және спорттық іс-шараның кезеңдерімен таныстырып өтті. "Мен-чемпионмын" бағдарламасы өте мазмұнды болды. Бірінші тапсырма командаларды таныстыру, содан кейін жаттығу өтті. Командаларға қызықты, арасында қиын тапсырмалар жүгіру, доппен, роликтермен, самакаттармен, қаптармен жарыстар ұсынылды, әр команда өздерінің спорттық дағдыларын көрсете алды.