Текст
2022 жылдың 20 қазанында «Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен балабақша әдіскерлері арасында Әдістемелік кеңес өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Диагностикалық карта, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру;
2. «Шаңырақ», «Балдырған» балабақшаларында әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
3. PISA халықаралық зерттеуі аясындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы;
4. Әр түрлі.
Кеңесте директорлардың ТЖ жөніндегі орынбасарлары әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Оқу үдерісі, электронды журналды толтыру және ҰББД бойынша мәселелерді қарастырдық.