Текст
Жарқайың ауданына Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті» КММ өкілдері келіп, осы оқу жылында аттестаттаудан өтіп жатқан мектептерге әдістемелік көмек көрсетті. Өкілдер аттестаттау үшін құжаттарды дайындауға әдістемелік көмек көрсетіп, мектептерге барды. Сондай- ақ «Н.Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп әкімшілігімен және үш қалалық мектептің мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды, онда мұғалімдерді аттестаттау, озық педагогикалық тәжірибе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әдістемелік күн мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және әдістемелік кабинет үшін жемісті өтті. Аудан мұғалімдерінің білім сапасы мен уәждемесін арттыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді.