Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес, Н. Крупская ат. ОМ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері». Әдістемелік семинардың мақсаты:
- педагогикалық қызметтің жеке, жоғары тиімді жүйесін қалыптастыру.
Осы мақсатты іске асыру мыналарды қамтиды:
- педагогтердің білімін байыту;
- мұғалімнің өзін-өзі жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын мұғалімдердің кәсіби ұтқырлығын дамыту.
Семинарда Н. Крупская ОМ мұғалімі Дощанова Салтанат Серікқызы «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбына және Гастелло а. ОМ мұғалімі Юхимчук Инна Ивановна «Математика сабақтарында формулаларды қолдану» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді. Абай ат. ОМ мұғалімі ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Семинар жұмысына ауданның барлық мектептерінің педагогтары қатысты. Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері жоғары бағаланды.
Семинар модераторы З. Жумагулова.