Бүгін ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет туған ғасыр - алтын ғасыр» атты аудан мектептерінің оқушылары арасында ақындар айтысы өтті. Сөз додасын «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразхан Зейнолла жүргізді. Айтысты ұйымдастырып өткізуге аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, тілдерді оқыту орталығы, ЖРО, «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ мұрындық етті. Сонымен қатар, айтысты тамашалауға үлкен кісілер арнайы шақырылып, ауданымызға белгілі ақын, ақсақал Тұрғынбай Жанбаев арнайы келіп жас ақындарға батасын берді. Жарқайың ауданы Білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нурпеисова, Жарқайың ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлболсын Ахметова, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұргүл Ысқақова, Ішкі саясат, тілдерді дамыту мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Назира Шпанова, Жарқайың ЖРО басшысы Шынболат Қарин әділқазы алқасын құрап, балғын айтыскерлердің өнеріне баға беріп, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде Далабай ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы Ысқақ Самат 1-орын, Кең негізі мектебінің оқушысы Ергашев Сардарбек 2-орын, Тасты-Талды орта мектебінің оқушысы Назымбек Даяна мен Тассуат ауылының негізгі орта мектебінің оқушысы Ахат Сабина 3-орынға ие болды. Демеушілердің көмегімен бірінші орынға 20000 теңге берілді, екінші орынға 10000 теңге, үшінші орындарға 5000 теңге және қатысушыларға ЖРО қолдауымен бағалы сыйлықтар табыс етілді.