Қазақстанда қазір экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті болып отыр. Осыған орай көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. Барлық аудан мектептерінде жоспар құрылып, сол бойынша іс шаралар өтілуде. Өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне жұмылдыру мақсатында 2019 жылғы 3 қазанда аудан мектептерінде Республикалық экологиялық сағаты өтті. Акция мақсаты: еліміздің елді мекендерінде ағаш отырғызу арқылы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру. Барлық аудан мектептерінде 0-11-шы сыныптар арасында «Сохраним планету» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сыып сағатының мақсаты: оқушыларға жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық танытуға баулу. Сонымен қатар әр мектепте «экочас» акциясы бойынша ағаштар отырғызылып, мектеп маңайын жасылдандыру мақсатында жұмыс атқарылды. Шараға мектеп мұғалімдері, шақырылған қонақтар мен оқушылар қатысып, шырша ағаштары отырғызылды. Осы отырғызылған ағаштар келешекте қаулай өсіп, ұрпақтар игілігіне жарары сөзсіз. Аталған акцияға 21 мектептің ұстаздары мен оқушары қатысты.