Ағымдағы жылдың 8 маусымында «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ХҚКО қызметкерлерімен «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету туралы» дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты:
1. қызмет көрсетушілердің мәртебесін көтеру, тұтынушыға бағытталған жұмыстың негіздерін ынталандыру және нығайту.
2. қызмет көрсетушілердің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың имиджін нығайту;
3. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Кадрлар жөніндегі әдіскер Т.К. Сайфуллина және баспасөз хатшысы М.Н.Калканова педагогтарды аттестаттау және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының жаңа шарттарын түсіндірді.