Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ жоспарының негізінде, «Аудандық әдістемелік кабинет» КММ жазғы мектепті әдістемелік сүйемелдеу бойынша жоспар әзірленді. 2022 жылғы 8 маусымда «Державин қаласының Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ АӘО меңгерушісі осы жоспар бойынша мектептердің ШМО басшыларымен және пән мұғалімдері қауымдастығының төрағаларымен отырыс өткізді.
Отырыста пән мұғалімдерінің оқу жылының ішінде кездесетін мәселелері қаралып, сондай-ақ келесі оқу жылына арналған міндеттер де пысықталды. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілерімен және ауданның пән мұғалімдері қауымдастығының төрағаларымен бірге пән мұғалімдерінің жұмысын одан әрі жалғастыру бойынша ұсыныстар жасалды.