Текст
2022 жылдың 6 маусымында Жарқайың ауданының әкімі Хамитов Жанболат Камериданұлы ауданның дарынды балаларымен кездесті.
24 оқушы – халықаралық, республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері Крупская атындағы орта мектептің акт залында жиналды.
Аудан басшысының оқушылармен кездесуі еркін түрде өтіп, ашық әңгіме ұйымдастырылды. Балалар іс-шаралар, қызығушылықтар және мектеп өмірі туралы сұрақтар қойды. Жанболат Камериданұлы атқарылған жұмыстар мен болашаққа жоспарлары туралы айтты.
Кездесу барысында аудан әкімі барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.
Кездесу соңында балалар аудан әкімімен естелік суретке түсті.