2022 жылы 1 маусымда «Бақытты балалық шақ» ұранымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара Жарқайың ауданында «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясына арналды. 2022 жыл «Балалар жылына» арналған.
Балалар мен қала қонақтары үшін «Балаларды қорғау күніне» арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
- «Бақытты балалық шақ» іс-шарасының ашылуы (концерттік бағдарлама)
- «Дені сау бала» спорттық эстафеталары (спорттық ойындар, эстафеталар )
- «Көңілді алақандар» сурет байқауы «Түрлі-түсті алақандар» - сурет салудың дәстүрлі емес түрі; асфальттағы суреттер
- «Балалар өмір гүлі» - Концерттік бағдарлама; Master-klass; қолданбалы шығармашылық көрмесі; Флэш-моб
- «Балалар-біздің болашағымыз!» - «Үстел ойындары» (дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ); «Жас химик» (тәжірибелер, эксперименттер);
«Ең жақсысы» (жас таланттар); «Сән көрсетілімі» (әртүрлі материалдардан жасалған костюмдер).
- Мультфильмдер көрсету
- «Торғай дискотекасы»
- Балаларды жалпы қамту 350 бала.
Сондай-ақ 1 маусымда №7 түзету орталығы балалармен түрлі конкурстар, ойындар өткізді. Балалар ән айтып, би билеп, жұмбақтар шешіп, конкурстарға қатысты. «Балалық шақ әлемі» концерттік бағдарламасы
сыйлықтар табыстаумен аяқталды. Балаларды жалпы қамту-20 бала.
«Доброе сердце» қоғамдық қоры балалармен ойын-сауық концерттік бағдарламасын өткізді. Тақырыбы: «Балалық шақ-бұл мен және сен». Балаларды жалпы қамту-15 бала.
Қала - ауылдың барлық мектепке дейінгі ұйымдарында өз тәрбиеленушілері үшін концерттік бағдарлама, ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.
Сондай - ақ, «Сұлтан1» ШҚ-Сұлтанов Сағынтай Кадешұлының; Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ, «Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ; «BIRLIK» ТО жалпы еңбегін, бірлескен жұмыстарын және осы іс-шараны өткізу үшін демеушілік көмек көрсеткені үшін айтпай кетуге болмайды.