2022 жылдың 18 мамырында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп –білім негізі» атты аудандық форум өтті. Форумға ауданның 23 педагогы қатысты.
Форумның мақсаты-аудан мұғалімдерін бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық съезі мен облыстық форумында қабылданған міндеттермен және шешімдермен таныстыру.
Пленарлық отырыста «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ меңгерушісі Жумагулова Загират Аскаровна кіріспе сөз сөйледі.
Форум секцияларының жұмысы мастер-кластар мен коучингтер форматында өткізілді.
Секциялық жұмыста сөз сөйлегендер:
1. «Бастауыш мектеп-білім негізі» - Первушкина Галина Васильевна
2. «Мастер-класс бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде белсенді әдістерді қолдану»- Почтарук Инна Владимировна
3. «Мастер-класс жаңа білімге заманауи көзқарас» -Досмаханова Кульпаш Сундетовна
4. «Жылдам оқу және нейро-гимнастикалық жаттығулар» - Ментаева Жумагуль Ислямовна
5. «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың өзекті мәселелері» - Акбасова Култай Тугеловна
6. «Коучинг ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен инклюзивті білім беру шеңберінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» - Ложкина Надежда Ивановна
7. «Мастер-класс креативтілік - заманауи бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігі ретінде» - Бейсенова Марина Маулетовна
Қорытынды шығару барысында оқушылардың үлгерімін бағалау және бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, педагогтардың тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру, оқыту сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.