18 мамырда «Державин қ. Н.Островский ат. жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында математика мұғалімдерінің «Мектептегі математикалық білім: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» форумы өтті.
Форумның мақсаты-аудан мұғалімдерін математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезінде және облыстық форумында қабылданған міндеттермен және шешімдермен таныстыру.
Пленарлық отырыста «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ меңгерушісі Жумагулова Загират Аскаровна кіріспе сөз сөйледі.
Облыстық форумға қатысқан мұғалімдер өз әріптестерімен баяндама түрінде ақпараттармен бөлісті:
«Математика сабақтарында оқушылардың танымдық іс- әрекетін ынталандыру – оқыту сапасын арттыру құралы» - «Пятигор ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Тюренкова Виктория Анатольевна.
«Оқушылардың математикалық білімінің мазмұны – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің басты бағдары» - «Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Герасимчук Ирина Николаевна.
«Дарынды балалармен жұмыс, олимпиадалар мен конкурстарға дайындық» - «Тассуат ауылының негізгі орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Кенжеханова Майра Кайратовна.
«Функционалдық сауаттылық заманауи білім берудің негізгі бағыты» - «Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Абакуменко Молдир Тугеловна.
Қорытынды шығару барысында оқушылардың үлгерімін бағалау және математика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, педагогтердің тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, оқыту сапасын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.