25 сәуір күні Жарқайың ауданының аудандық мәдениет үйінде балалар жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі орынбасарының м.а. А.Б. Баймульдинов, аудандық мәслихат хатшысы А.К. Альжанов, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары балаларды құттықтап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жаңа жылдық Жолдауында 2022 жылды балалар жылы деп жариялағанын атап өтті. Олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы- біздің жалпыұлттық міндетіміз». Салтанатты іс-шара аясында мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын аудан оқушылары және конкурстардың жүлдегерлері марапатталды. Азамат Баймулдинов және оқушылар Торехан Торе мен Камышанская Виктория Балалар жылының басталуын ашып берді.