Балалардың қауіпсіздігі біздің өміріміздің ажырамас бөлігі және ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Жыл сайын биік үйлердің терезелерінен түскен балалар саны өсуде. Балалар өздерінің білуге құмарлығына байланысты өте осал. Балалардың қаза болуының негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады.
Осыған байланысты, жазатайым оқиғалардың, балалардың жарақаттануы мен қаза болуының алдын алу мақсатында Сізден балаларды сауықтыру, мектеп жанындағы лагерьлерде және балабақшаларда терезелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік мәдениетіне оқытуға көмек беруіңізді сұраймын.
Өз кезегінде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент):
- баланың қажетті дағдыларын жақсы меңгеруіне мүмкіндік беретін оқытудың ең жақсы нысаны болып табылатын ойын түрінде сабақ өткізуді;
- баланың денсаулығын нығайту құралы ғана емес, сонымен қатар жарақаттанудың алдын алу шараларының бірі болып табылатын дене шынықтыру жаттығуларымен, қозғалмалы ойындармен, спорттық ойын-сауықпен сабақтар өткізуді;
- терезелерге арнайы бекіткіштерді қою немесе балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін қорғаныш құлыптары бар терезелерді орнатуды;
- балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайтын терезе торларын орнатуды;
- бекіткіш және сақтандыру жабдықтарын орнату мүмкін болмаған жағдайда, бұрандамаларды, бекіткіш тұтқаларды бұрап, қажет болған жағдайда және қолданғаннан кейін бірден алып тастай отырып, оларды жоғарылатып алып тастауды ұсынады.