21 сәуірде «Державин қаласының Н.Островский атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 4, 9 сыныптар арасында ББЖМ өтті. Барлығы 43 оқушы қатысты, оның ішінде 4 сыныптан -23 оқушы, 9 сыныптан-20 оқушы
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының білім туралы Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістермен және толықтырулармен) орта білім берудің оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш және негізгі орта білім алушылардың білім беру жетістіктерін мониторингтеуге (ББЖМ) өзгертілді.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз болып табылады, білім алушылардың білім сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. ББЖМ тестілеу нәтижелерін дайындау мен өткізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды, кейіннен әдістемелік көмек көрсетуді және білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.
4-сыныптарда ББЖМ функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша оқыту тілінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі-АКТ) қолдана отырып, кешенді тестілеу нысанында өткізілді.
9-сыныптарда ББЖМ функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі мәтіндер), математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша АКТ-ны қолдана отырып, кешенді тестілеу нысанында өткізіледі.