МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АУДАНДЫҚ ФОРУМЫ
2022 жылдың 15 сәуірінде Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ жоспарының негізінде АӘБ әдіскері Исаева Гүлжан Жұмабайқызы шығармашылық топпен бірлесіп мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының аудандық форумын өткізді. Аталған іс-шараға мектепалды сынып мұғалімдері, шағын орталық тәрбиешілері, балабақша тәрбиешілері, МДБҰ әдіскерлері, МДБҰ меңгерушілері қатысты.
Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ басшысы Нурпеисова Гульшат Кабиболловна құттықтау сөз сөйледі.
Форум екі секцияға бөлінді:
СЕКЦИЯ №1-САПА КРИТЕРИЙЛЕРІ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ. Секция модераторы: Исаева Гүлжан Жұмабайқызы Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ әдіскері.
СЕКЦИЯ №2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ. Секция модераторы: «Солнышко» балабақшасының МЖӘ әдіскері - Кунтуганова Данагуль Рахимбековна.
Бұл іс-шара өте қызықты, әрі тартымды өтті.