Текст
12 сәуірде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы функционалдық сауаттылықты дамыту» атты аудандық форумы өтті. Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Нурпеисова Гульшат Кабиболловна құттықтау сөз сөйледі. Форум аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдары, оқушылардың функционалдық сауаттылығы, мұғалімнің кәсіби шеберлігі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.Қатысушылар осы іс-шараның жұмысына белсенді қатысты.