Қазақстан Республикасында 2019 жылы Жастар жылын жариялау аясында, Жарқайың ауданының жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен Жарқайың ауданының әкімі М.С.Балпан дарынды жастармен кездесу өткізді. Кездесуге республикалық, облыстық конкурстардың, олимпиадалардың және спартакиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, аудандық шығармашылық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылды. Сонымен қатар аудан әкімшілігі мен білім бөлімінің өкілдері болды. Кездесу барысында аймақтық деңгейде білімдерін, өнерлерін көрсетіп, салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін және ақсақалдарға құрметпен қарайтын, біздің ауданымыздың атын шығаратын жастар өсіп келе жатқанына көзіміз жетті. Кездесу қонақтары аудан әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жанды әңгіме жүргізді
Жас суретші Асия Мурзабекова аудан әкіміне өзі салған көптеген жұмыстарының арасынан бір суретті сыйға тартты және Төрехан Төре мен Әділжан Қасқырбай домбырада күй ойнады.
Кездесу өте нәтижелі және қатысушылардың есінде жарқын оқиға ретінде қалатыны сөзсіз.