«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі туралы ақпарат.

07.04.2022

          Ақмола облысы білім басқармасының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 25 бұйрығына сәйкес, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 756/15-11-04 хатының негізінде   2022 жылдың 14-22 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті (бұдан әрі-Олимпиада). Олимпиаданың облыстық кезеңі 2022 жылдың 23-30 наурыз аралығында Көкшетау қаласында өтті.

Олимпиада оффлайн режимде, «Oqylyq» платформасы арқылы электронды форматта, «1 компьютер - 1 оқушы - 1 камера» прокторингін қолдана отырып және YouTube - арнасы арқылы тікелей көрсетіліммен өтті.

Облыстық кезеңнің қатысушылары аудандық жүлдегерлер болды:

ҚГБ пәндері бойынша:

 

      1. Мыңбаева Нұрай-Үкібаев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы

      2. Серкибаева Жасмин-Крупская атындағы ОМ 11 сынып оқушысы;

      3. Исахов Маратхан – Пятигор ОМ 9 сынып оқушысы

      4. Чегодаев Ярослав-Крупская атындағы ОМ оқушысы  

      Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Крупская атындағы ОМ         9 сынып оқушысы Чегодаев Ярослав орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша      I орын алып, I дәрежелі дипломмен, алтын медальмен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Сонымен қатар Үкібаев атындағы ОМ 10 сынып оқушысы Мыңбаева Нұрай грамотамен марапатталды. 

      Республикалық олимпиадада Ақмола облысының намысын облыстық кезеңнің алтын медалінің иегері Ярослав Чегодаев қорғайтын болады.

     Құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст