2022 жылдың 16-наурызында аудандық білім бөлімінің акт залында жалпы білім беретін мектептердің денешынықтыру мұғалімдері арасында аудандық «Үздік денешынықтыру пәні мұғалімі-2022» байқауы өткізілді. Байқау төмендегі номинациялар бойынша бағаланды.
1.«Кәсіби мұғалім» номинациясы (аналитикалық есеп) – жазбаша талдау және аналитикалық есеп түрінде өз жұмыс тәжірибесін ұсыну, онда зерттелетін педагогикалық теорияның өз тәжірибесімен арақатынасы, кәсіби қызметке өзіндік педагогикалық принциптері мен тәсілдері ашылады, әдістемелік, инновациялық, ағартушылық жұмыстардың нәтижелері көрсетіледі.
2.«Мұғалімнің шеберлік сыныбы» номинациясы – педагогтың кәсіби жетістіктерінің бейне көрсетілімі (әдістер технологиясы, тиімді тәсілдер және т.б.) Байқау қорытындысы бойынша І-орынғаАқпан Үкібаев атындағы орта мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Шайкемелов Марғұлан Жұмаханұлы, ІІ-орынға Кен негізгі мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Алтынбеков Даурен Галымұлы, ІІІ-орынға Зерноград негізгі мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Валиев Ринат Абдрафикович ие болды. Байқау жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің ақшалай сертификаттарымен марапатталды.