«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар

16.03.2022

24 ақпан күні Уәлиханов орта мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмыс түрлері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыз қалуының алдын-алу мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру.

Семинарға тәрбие жұмысы жөніндегі білім бөлімінің әдіскері Б.Ж. Исаева, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Д.К. Жұматаева, тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, сондай-ақ сынып жетекшілері қатысты.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылардың назарына 1-сыныпта «Қауіпсіздік әліппесі» (сынып жетекшісі С.К. Тұрлыбаева), 8-сыныпта «Біз өз іс-әрекетімізге жауаптымыз» (сынып жетекшісі И.И. Имашева), 11-сыныпта «Жасөспірім және заң» (Е.Н. Перегуда)ашық сынып сағаттары ұсынылды.

Теориялық бөлімде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т. Нұрованың «Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылығының алдын-алу. Мәселелер мен шешу жолдары». Дөңгелек үстелде өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, семинар тақырыбы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Д.К. Жұматаева сөз сөйлеп, аудан бойынша жасалған құқық бұзушылықтар статистикасын келтірді. 

Дөңгелек үстел басындағы семинарға қатысушылардың жұмысы үлкен қызығушылықпен және пайдалы өтті. Қонақтар жоғарыда аталған тақырып бойынша семинар жұмысын ұйымдастыруға жоғары баға берді. Семинар тақырыбы өзекті, уақытылы. Семинарға қатысушыларға алгоритмдер, кәмелетке толмағандардың бақылаусыздығы мен құқық бұзушылығының алдын-алу моделі, оқушылардың бей әлеуметтік мінез-құлқының алдын-алу бойынша практикалық жұмыста қолдануға арналған жадынамалар ұсынылды.

Семинардың арқасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда семинарға қатысушылардың теориялық және практикалық деңгейі едәуір артты.

Просмотров: 1497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст