2022 жылдың 10 наурызында «Білім бөлімі» ММ Жарқайың ауданы бойынша МДБҰ жетекшілік ететін әдіскері Исаева Гүлжан Жұмабайқызы «Шаңырақ» бөбекжайы МКҚК бірлесіп «Мектепке дейінгі ұйымдардағы шаруашылық бөлімі меңгерушісінің нормативтік-құқықтық құжаттамасы» тақырыбында аудандық семинар өткізді. Семинарға МДБҰ шаруашылық бөлімінің меңгерушілері қатысты.
Семинар бағдарламасында келесі іс-шаралар өткізілді: «Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері» тақырыбында АББ әдіскері сөз сөйледі.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы шаруашылық бөлім меңгерушісінің нормативтік – құқықтық құжаттамасы» тақырыбында мастер-класты Чепигина Светлана Александровна өткізді, сондай-ақ ол МДБҰ шаруашылық бөлім меңгерушісінің құрастырған ай сайынғы азық-түлік есебін түсіндірді.
Содан кейін АББ әдіскері Г. Исаева Диалогтық алаңын өткізді (сұрақ-жауап).
Семинар өте қызықты әрі тартымды өтті. Семинардың әр қатысушысы өзіне көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа идеялар алды.
АББ әдіскері: Г.Исаева.