2022 жылдың 20 қаңтарында мектепте ыстық тамақ ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қаланың мектеп директорларымен, ЖК түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, кеңеске заңгер, «Білім бөлімі» ММ бухгалтерлік-экономикалық бөлімі қатысты. «Е-Асхана қоғамдық тамақтануына арналған ақпараттық жүйе» жобасын әзірлеуші М.С. Әбдірахманов мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу тетігі туралы айтып берді. Оның баяндамасы ұсынымдық сипатта болды. Әдіскер Сайфуллина Т.К. оқушыларды 2021-2023 жылдарға арналған сапалы теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасының 17-тармағымен және ҚР БҒМ 24.05.2021 ж. № 231 бұйрығымен бекітілген 31.10.2018 жылғы № 598 Ережесіндегі өзгерістермен таныстырды, оған сәйкес қала мектептерінде қызмет көрсетуші шарт заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде арнайы жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді орната отырып, білім алушыларға қолма-қол ақшасыз есептеу жүйесін енгізеді.