2021 жылғы 3-4 қарашада білім және ғылым Министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, Өскемен қаласындағы № 46 орта мектеп базасында «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Іс - шараның негізгі мақсаты - жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі таныту үшін жағдай жасау.
Педагогикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 95 астам мұғалім қатысты. Ақмола облысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары бес жас белсенді педагог таныстырды, олардың бірі біздің әріптесіміз - Манатов Аслан Айтжанұлы, «Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державин қаласы Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог - психологы.
Олимпиада нәтижесі бойынша Аслан Айтжанұлы «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және оған шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!