«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КОНКУРС – «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?»

29.10.2021

             2021 жылдың 29 қазанында «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты 5-7 сынып оқушылары арасында сырттай аудандық конкурс өтті. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасына көшу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Байқаудың мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, балаларды өз Отанының тарихымен, географиясымен, астрономиясымен және мәдени дәстүрлерімен қызықтыру, өскелең ұрпақты өз елін мақтан тұтуға тәрбиелеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеясын түсіну - оның белсенді қатысушысы болу. Өткізу тәртібіне сәйкес білім беру, ішкі саясат бөлімінің мамандарынан, тарих және география мұғалімдерінен конкурстық комиссия құрылды. Олардың ішінде: Белгібаева Қымбат Серікқызы Жарқайың ауданының «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, АББ әдіскері – Исаева Гүлжан Жұмабайқызы, мектеп педагогтары - Хабирова Любовь Раиловна мұғалім, Канкулова Динара Смағзамқызы, Күнтуғанова Данагүл Рахимбекқызы. Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз!

Просмотров: 173


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст