2021 жылдың 25 маусымында Астана күніне арналған «Бейбітшілік және мейірімділік қаласы» атты туристік квест-ойынның бірінші аудандық кезеңіөтті.Мақсаты:өскелең ұрпақтың бойында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімдерін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау. «Бейбітшілік және мейірімділік қаласы» атты туристік квест-ойынның аудандық кезеңіне келесі жалпы білім беретін мектептер қатысты: Абай ат.ОМ, Н.Крупская ат.ОМ, Н.Островский ат.ОМ, А.Үкібаев ат. ОМ және қосымша білім беру ұйымы (балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы).
Туристік квест-ойынының екінші облыстық кезеңі 2021 жылдың 1 шілдесінде Ақмола облысының 9 аудандары арасында өтіп, Жарқайың ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы І орынға ие болды.