«Үздік цифрлық білім беру контенті» байқауы

25.11.2026

«Үздік цифрлық білім беру контенті» байқауы оқытуды қызықты әрі қолжетімді етудің, ал оқу пәндерін меңгерудің сапасы мен тиімділігін арттырудың жаңа жолдарын іздейтін педагогтерді біріктірді. Қатысушылар электрондық курстар, виртуалды зертханалар, мобильді ресурстар мен интерактивті тапсырмалар сияқты өздері әзірлеген жұмыстарын ұсынды. Цифрлық әзірлемелерді пайдаланып, бұрын таныс емес платформада өткізілген сабақтар оқушылардың белсенділігін арттыруға, оларды оқу үдерісіне тартуға және интерактивті тапсырмалар арқылы алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік берді. Байқау шығармашылық идеялар мен педагогикалық тәжірибе тоғысқан алаңға айналды. Мұнда технологиялар оқытуды көрнекі, қолжетімді әрі қызықты етуге көмектесті. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
Үздік цифрлық контент номинациясы бойынша: «Үздік мобильді білім беру ресурсы» – Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің «Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Алмұханбетова Айнагүл Талғатқызы.

Просмотров: 63


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу