«Ыбырай Алтынсариннің мұрасынан болашақтың жасыл мектебіне: білім, ғылым және тұрақты даму» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
24.11.2026
2026 жылғы 23-24 қарашада Астана қаласында «Ыбырай Алтынсариннің мұрасынан болашақтың жасыл мектебіне: білім, ғылым және тұрақты даму» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ашты. Құттықтау сөзбен ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар сөз сөйледі.
Конференция бағдарламасы 2 күнге есептелген. Пленарлық бөлім «"Жасыл мектеп" жобасын іске асыру: қол жеткізілген нәтижелер, дамыту және ауқымын кеңейту перспективалары» тақырыбына арналды.
Конференцияның практикалық бөлімі «Мектеп инновациялар зертханасы ретінде» тақырыбында өтті.
Конференцияға қатысушылар эко көшбасшылық, мектептің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жобалары, жасыл болашаққа цифрлық қадам және тағы басқа бағыттарды жұмысқа алды.
Конференция ауданда экологиялық жобаларды дамыту жұмысына үлкен серпін берді.