«Алтын сақа» олимпиадасы

23.11.2026

2026 жылғы 20 қарашада Н. Островский атындағы жалпы білім беретін мектепте білім мен бәсекелестік рухы тоғысқан ерекше атмосфера қалыптасты. Мұнда аудан мектептерінің 5–6 сыныптарында оқитын ең дарынды әрі зерек оқушылары бас қосып, «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысты. Олимпиадаға Жарқайың ауданының 5–6 сыныптарынан 35 оқушы қатысты.
Қатысушыларға арнап аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері М.А. Рыбакова мен Т.В. Лихачева құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жеңіс қана емес, қызықты есептерді шығарудан ләззат алуды, өз күштеріне сенімді болуды тіледі.
5-сынып оқушылары арасында:
1-орын – Сайлау Ернар, А. Укубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп.
2-орын – Оразова Раяна, Н. Островский атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын – Куровская Айжулдыз, А. Укубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын – Турсынбеков Алишер, Н. Островский атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын – Осенков Герман, Валиханово ауылының жалпы білім беретін мектебі.
6-сынып оқушылары арасында:
2-орын – Алмасбек Альтаир, Н. Островский атындағы жалпы білім беретін мектеп.
2-орын – Сахипгараева Кира, Н. Островский атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын – Сағидолла Әділжан, «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын – Дамер Торғын, А. Укубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын – Алимгазин Жан, Кеңское ауылының негізгі орта мектебі.
Барлық қатысушыларға табысқа тоқмейілсімей, алдағы уақытта да жаңа білім белестерін бағындырып, биік интеллектуалдық жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!

Просмотров: 1


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу