«ЖАСТАР» СПАРТАКИАДАСЫ АЯСЫНДА АСЫҚ АТУ ЖӘНЕ БЕС АСЫҚТАН ЖАРЫСТАР ӨТТІ
23.11.2026
«ЖАСТАР» СПАРТАКИАДАСЫ АЯСЫНДА АСЫҚ АТУ ЖӘНЕ БЕС АСЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық спорт түрлерін насихаттау және оқушылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында «Жастар» спартакиадасы аясында асық ату және бес асықтан аудандық жарыс өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігін, мергендігін, дәлдігін және шеберліктерін көрсетті. 🏅 Асық ату жарысының қорытындысы бойынша: 🥇 І орын – Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; 🥈 ІІ орын – Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; 🥉 ІІІ орын – Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі. 🏅 Бес асық жарысының қорытындысы бойынша: 🥇 І орын – Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; 🥈 ІІ орын – Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; 🥉 ІІІ орын – Далабай ауылының негізгі орта білім беретін мектебі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ұлттық спортқа деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз! Ұлттық ойындарымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз сабақтастығын таба берсін!