«Мерген ару – 2026»

23.11.2026

ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ – ОБЛЫСТЫҚ ДОДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ! Ақмола облысында өткен «Мерген ару – 2026» облыстық жарысында Жарқайың ауданының намысын қорғаған Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді! Жеңіс тұғырынан көрінген мерген қыздарымыз: Халибек Жаннұр Тұрсынбай Ғаухар Баймулдинова Зира Тыңым Еркенұр Жас мергендерді жарысқа дайындаған жаттықтырушысы – Сейдахметов Жоламан Ғалымұлы. Бұл жеңіс – табанды еңбектің, үздіксіз дайындықтың, жігер мен қайсарлықтың жемісі! Жеңімпаз қыздарымызды және жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! Мектеп ұжымына, ата-аналарына алғыс білдіреміз! Жеңісті жолдарың жалғасын тауып, Жарқайың ауданының мерейін әрдайым үстем ете беріңдер! Биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу