ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫН! Хайришева Гаухар
20.11.2026
ЖАРҚЫН ЖЕҢІС – ЖҮЛДЕЛІ І ОРЫН! 2026 жылдың 16–20 қараша күндері Астана қаласында өткен Республикалық «Ауыл» олимпиадасының қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғаған Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Хайришева Гаухар жүлделі І орынға ие болды! Бұл – оқушының білімге деген құштарлығының, табандылығы мен үздіксіз ізденісінің жемісі, сондай-ақ ұстазының жүйелі еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Гаухарды және оның жетекшісі Жалилова Надежда Владимировнаны осындай жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – тек мектептің ғана емес, бүкіл Жарқайың ауданы мен Ақмола облысының мақтанышы!
Просмотров: 2