«Қазіргі қоғамдағы педагогикалық әдеп: нормативтік-құқықтық негіздері, педагогтің кәсіби бейнесі және әлеуметтік желілердің педагогикалық ойлау жүйесіне әсері» семинары
20.11.2026
2026 жылғы 19 қарашада қараша айына арналған жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің барлық төрағаларына арналған «Қазіргі қоғамдағы педагогикалық әдеп: нормативтік-құқықтық негіздері, педагогтің кәсіби бейнесі және әлеуметтік желілердің педагогикалық ойлау жүйесіне әсері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеисова, сондай-ақ аудандық Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.
«Әлеуметтік желілердің педагогтің ойлау жүйесі мен кәсіби ұстанымына әсері» тақырыбындағы шеберлік сабағын Ақпан Укубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Г.А. Ахметова ұйымдастырды.
«Шаңырақ» бөбекжай-бақшасының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы М.М. Мурзабекова семинар барысында дебат форматындағы жұмыс түрін қолданды. Дебатқа қатысушылар пікірталас барысында заманауи педагогтің жинақталған бейнесін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізді.
Бұдан әрі № 190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа сәйкес педагогтің кәсіптік стандарттары мен әдеп нормалары талқыланды. Аталған тақырып бойынша балалар музыка мектебінің Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Е.В. Талдыкина баяндама жасады.
Семинарды қорытындылай келе, Білім бөлімінің басшысы Г.К. Нұрпеисова педагог мәртебесін үздіксіз жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, семинарға қатысушыларға білім беру ұйымдарында атқарылатын алдағы жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындап берді.