БОЛАШАҚ КІТАПХАНАСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫНДАҒЫ ӘЛЕМ!

11.11.2026

БОЛАШАҚ КІТАПХАНАСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫНДАҒЫ ӘЛЕМ!
Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясында Халықаралық мектеп кітапханалары айлығы аясында кітапханашының ұйымдастыруымен 2 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Болашақ кітапханасы» атты шығармашылық сурет сабағы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы – «Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект».
Шығармашылық сабақ барысында оқушылар болашақ кітапханасын өз қиялдарымен бейнелеп, ерекше идеяларын сурет арқылы жеткізді. Балалардың суреттерінен заманауи кітапханалар, ерекше кітап оқу кеңістіктері, робот-көмекшілер мен жаңа технологиялар көрініс тапты.
Сонымен қатар оқушылар кітап пен оқудың маңызы, кітапхананың адам өміріндегі рөлі және жасанды интеллект мүмкіндіктері туралы әңгімелесті.
Сабақ қызықты әрі жылы атмосферада өтіп, балаларға өз шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Өйткені болашақ кітапхана балалардың арманынан, кітапқа деген сүйіспеншілігінен және білімге деген құштарлығынан басталады!

 

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу