Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысу.

11.11.2026

2026 жылғы 9–11 қараша күндері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы құрылыс-технологиялық колледжі» базасында Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті.

Аталған байқауға Жарқайың ауданынан 4 оқушы қатысып, өздерінің ғылыми ізденістері мен білім-біліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Байқауға қатысқан оқушылар:

🔹 Рыспаев Ислам – «Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ;

🔹 Ерұлан Әбумұхаммад – «А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ;

🔹 Жылқайдарова Айымжан – «Н. Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ;

🔹 Мұқанбетжанова Айгерім – «Пригородный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ауданымыздың оқушылары жүлделі орындарға ие болды:

🥈 ІІ орын – Рыспаев Ислам, химия пәні бойынша, «Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы» КММ. Жетекшісі: Ахметова А.Е.

🥉 ІІІ орын – Мұқанбетжанова Айгерім, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша, «Пригородный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Жетекшісі: Мұқанбетжанова Р.С.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу