«Мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы»

11.11.2026

2026 жылғы 11 қарашада Білім бөлімінің жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында мектеп бітіруші түлектерге арналған «Қаржылық бағдар: мамандық таңдаймыз» атты кәсіби бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушылар «Қазпошта» АҚ мен «Қаржы және экономика бөлімі» мемлекеттік мекемесінде болды.

Кездесу интерактивті әңгімелесу форматында өтіп, бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді. «Қазпошта» АҚ бөлімше бастығының орынбасары Айман Амирханқызы Китаманова және мекеме басшысының орынбасары Наталья Сергеевна Нағашпекова аталған мекемелердің жұмыс құрылымы туралы баяндап, қызметкерлермен және жұмыс орындарымен таныстырды.

Мектеп бітіруші түлектер мереке қарсаңында «Қазпошта» АҚ және Қаржы және экономика бөлімі ұжымдарын келе жатқан мерекемен құттықтап, құттықтау хаттарын табыс етті.

Экскурсияға қатысушылардың барлығына Астана, Қостанай және Көкшетау қалаларындағы экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп салалары бойынша мамандар даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу орындары туралы ақпарат қамтылған брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, брошюралардағы QR-код арқылы оқушылар оқу орындарының орналасқан жері, жатақхана жағдайлары, оқу ақысы және өзге де қажетті ақпараттармен таныса алады.

Іс-шараның қорытынды кезеңінде 50 жылдық Октябрь атындағы негізгі орта мектептің педагог-психологы Шолпан Әміржанқызы Жалелова ұйымдастырған «Болашақ мамандық – бүгінгі таңдау!» атты тренинг өткізілді.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу