«ПРОКУРОР САҒАТЫ»: ОҚУШЫЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

10.11.2026

«ПРОКУРОР САҒАТЫ»: ОҚУШЫЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Жарқайың ауданы прокуратурасы мен білім бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 қарашада «Прокурор сағаты» іс-шарасы аясында «Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 7–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді.

Жарқайың ауданы прокуратурасының аға прокуроры Өтепова Нұрәсем Пархатқызы оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, есірткі заттары мен алкоголь өнімдерін тұтынудың зияны, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу мәселелері қарастырылды.

Заң талаптарын сақтау, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты мінез-құлық қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

Просмотров: 0


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу