«ЖАСТАР» СПАРТАКИАДАСЫ: ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ
10.11.2026
«ЖАСТАР» СПАРТАКИАДАСЫ: ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ
Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар» спартакиадасы аясында Пятигорск ауылының негізгі орта мектебінің базасында 7-8 сынып қыздар командалары арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол спортын дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, командалық бірлік пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс барысында қатысушы командалар өздерінің спорттық дайындығын, ептілігін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Әр ойын тартысқа толы болып, жас волейболшылар алаңда жоғары белсенділік танытты.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 І орын – Н. Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясы;
🥈 ІІ орын – Пятигорск ауылының негізгі орта мектебі;
🥉 ІІІ орын – Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.
Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Пятигорск ауылының негізгі орта мектебінің басшылығы мен ұжымына, жарыстың әділ әрі тартысты өтуіне үлес қосқан төрешілерге және дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларымызға толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Спорт – бірлік пен достықтың, жігер мен жеңістің символы!