Текст
Балалар құқығын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, аудан аумағында кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерлерде кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында 2021 жылғы 17-20 маусым аралығында Жарқайың ауданының ПБ-мен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» республикалық алдын алу іс-шарасы өтуде.