30.01.2026
Аудандық «Мерген–2026» сайысы жоғары деңгейде өтті
Аудан көлемінде әскери-спорттық бағыттағы іс-шараларды дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Мерген–2026» пневматикалық винтовкадан ату сайысы «Валиханова ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өткізілді.
Аталған жарыс жасөспірімдер арасында мергендік қабілетті арттыруға, әскери-патриоттық тәрбие беруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің дәлдігі мен шыдамдылығын, жауапкершілігі мен жинақтылығын көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – «А. Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
ІІ орын – «Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
ІІІ орын – «Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай мазмұнды жарыстар жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын көтеріп, әскери дайындыққа қызығушылығын арттырары сөзсіз.