Жарқайың ауданының білім бөлімі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында "Үздік педагог" онлайн іріктеу конкурсы өтті. Іріктеу барысында Жарқайың ауданының намысын қорғауға "Балдырған" бөбекжайының тәрбиешісі Сейтахметова Сауле Тасбулатовна Ақмола облыстық "Үздік педагог" байқауына жолдама алды.
2021 жылғы 12-14 мамыр аралығында Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен, педагог кәсібінің мәртебесі нарттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру мақсатында Ақмола облысының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында жыл сайынғы «Үздік педагог» сырттай конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Шығармашылық сайысқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының 18 педагогы қатысып қорытындысында «Эрудит педагог» номинациясы бойынша және 50 мың теңге ақшалай сыйақы Жарқайың ауданы, Державин қаласының «Балдырған» бөбекжайының" тәрбиешісі Сауле Тасбулатовна Сейтахметоваға тиесілі болды.
Конкурсқа қатысу үшін педагогтер келесі конкурстық материалдарды ұсынды:
- «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнеролик
- Бейнесабақ
-Эссе
-Портфолио.
Барлық қатысушыларға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері» кәсіптік одағының Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.