Жуырда әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері арасында «Үздік әдістемелік әзірлеме» атты облыстық байқау өтті. Бұл байқауда білім беру саласының әдіскерлері өздерінің инновациялық идеялары мен тәжірибелерін ұсынды.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша облыстық деңгейге аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлжан Жұмабайқызы Исаеваның «Білім беру процесіндегі қонақ сабақтар: тәжірибе алмасу, шығармашылық өсу және педагогтердің біліктілігін арттыру» тақырыбындағы әдістемелік жұмысы ұсынылды.
Бұл жұмыс қонақ сабақтардың педагогтердің кәсіби дамуының тиімді құралы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді, инновациялық әдістерді енгізуге және білім беру саласында озық тәжірибемен алмасуға ықпал етеді.
Облыстық кезеңде Гүлжан Жұмабайқызы өзінің жоғары кәсібилігін, терең білімі мен әдістемелік қызметке шығармашылық көзқарасын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша оның жұмысы жоғары бағаланып, ол жүлделі 3-орынға ие болды!
Гүлжан Жұмабайқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оған шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!