2024-2025 оқу жылында ЖМБ пәндері қауымдастықтарының жұмысы жаңа кәсіби деңгейге көтерілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында информатика пәнінің мұғалімдері жиналса, 11 ақпанда аудан математиктері семинар-практикумға жиналып "Оқушылардың математиканы оқуға деген ынтасын қалыптастыру" тақырыбы талқыланды. Мұғалімдер Жунусова К. К., Герасимчук И. Н., Алпысбаева А. А. Ақпан Үкібаев атындағы ЖОББМ және Надежда Крупская атындағы ЖОББМ қабырғасында қонақ сабақтарын берді. Жұмыс тәжірибесінен Серкебаева А.С. және Кадиров Ж.Б бөлісті. Педагог – Зерттеуші Дамир Болатбек коучинг өткізіп, семинар жұмысын аяқтады. Семинарды жұмысын математиктер қауымдастығының жетекшісі Б. С. Қызырова ұйымдастырды.
Семинарда пәндік қауымдастық кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу, озық педагогикалық тәжірибе ауқымын кеңейту мәселелері шешілді.