Текст
2025 жылдың 13 қаңтарында Жарқайың ауданында ресурстық орталықтың 2 сессиясы басталды. Аудан бойынша тірек мектептер А.Үкібаев атындағы ЖОББМ және Н.Крупская атындағы ЖОББМболып табылады. Тірек мектептердің атына 6 магниттік мектеп бекітілген. Екінші сессияның басты бағыты оқу бөлімі болып табылады, онда педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор санаты бар әртүрлі мектептердің педагогтары РО-да сабақ береді. Қонақ сабақтары мұғалімдерге өзара қарым-қатынас жасауға, әріптестер арасында тәжірибе алмасуға көмектеседі. Күннің екінші жартысында тьюторлармен және кәсіби бағдар берушілермен бірлесіп "Біртұтас тәрбие"аясында жоспар әзірледі. Ресурстық орталық 2025 жылғы 13 қаңтардан 24 қаңтарға дейін жалғасады.