Текст
2025 жылдың 5-9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында жалпы білім беру бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың үшінші облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге Жарқайың ауданынан 7 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша А. Үкібаев атындағы ЖОББМ 9 - сынып оқушысы Халибек Жаннұр қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. 4 орынды Н. Крупская атындағы ЖОББМ химия пәні бойынша 11 - сынып оқушысы Попова София және Гастелло а. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Хайришева Гаухар, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жүлделі орынға иеленді. Оқушыларға одан әрі жарыстарда биік белестерді бағындыруын тілейміз.