«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
Государственное учреждение « Отдел образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ есебі

15.03.2017

2016 жылға мемлекеттік

қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі

Жарқайың ауданының «Білім

бөлімі» ММ есебі

Жарқайың ауданының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

-   мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- Мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

-   мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

Жарқайың ауданы білім беру жүйесінде  келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: Жарқайың ауданы білім

бөлімінің «Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Н.Крупская 

атындағы орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Н.Островский  атындағы орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Октябрьдің 50 жылдығы  атындағы орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Фурманов орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Гастелло  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Ростов  негізгі жалпы білім беру

мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Тасты-Талды  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің

«Өмірлік  орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Отрадный  орта мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Пятигор  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Уәлиханов  орта мектебі» ММ,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Кен негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Зерноград жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Нахимов  жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ

Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Львов жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Қарасу жалпы білім беретін негізгі мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Донской жалпы білім беретін бастауыш

мектебі» ММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Тассуат жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің «Тасөткел жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Жарқайың балалар музыка мектебі», ММ Жарқайың ауданы білім бөлімінің кешкі (аусымдық) жалпы білім беретін негізгі мектебі»,  МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің

жанындағы «Шаңырақ» балабақшасы  МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Солнышко» балабақшасы МКҚК, Жарқайың

ауданы білім бөлімінің жанындағы «Колосок» Санаторлық-бөбекжай балабақшасы МКҚК,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің

жанындағы «Балдырған» бөбекжай- балабақшасы МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Тасты-Талды ауылы

«Айгөлек» балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Тасөткел  ауылдық округінің «Бөбек» балабақшасы» МКҚК,  Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Тасөткел  ауылдық округінің «Бөбек» балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы «Гастелло ауылдық округінің «Балдаурен» балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Пригородный 

ауылдық округінің «Балапан» балабақшасы» МКҚК, Жарқайың ауданы білім бөлімінің жанындағы  «Уәлиханов  ауылдық округінің «Балауса» балабақшасы»

МКҚК.

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтің жиырма екі  түрін көрсетеді:

  1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
  2. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
  3.  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
  4.  «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»
  5. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
  6. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
  7. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  8. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
  9. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
  10. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
  11. «Аз қамтылған отбасылардағы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
  12. «Негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
  13.  «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды)   және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»
  14. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  15.  «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
  16.  «Патронаттық тәрбиелеуге берілген  баланы (балаларды)  бағу үшін төлемақы тағайындау»
  17. « Бала асырап алуға тілек білдіруші тұлғаларды есепке қою»
  18. «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
  19.  «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап луға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
  20.  «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
  21. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
  22.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»

 

 

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтің жиырма екі  түрін көрсетеді:  оның жеті

мемлекеттік қызметі Мемлекеттік корпорация арқылы, қалған он бесі мемлекеттік қызмет «электронды үкімет» веб-порталы арқылы

және мемлекеттік органдар арқылы көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде

ақысыз көрсетіледі.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен

негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылық етеді. 2016 жылы ауданда мемлекеттік қызметтің 22

түрі бойынша 1784 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы-40, ЭҮП – 374 және меморган арқылы -1370.

2016 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 391, «Мектепке дейінгі білім ұсыну» -338, «Бастауыш, негізгі және орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру

ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 567, «Жалпы мектептерде оқитын және тәрбиеленетін оқушылардың жеке

категориясын ақысыз тамақтандыру» -165.

Ауданда мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Жарқайың ауданының интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда, қала және ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында

баршаға көрінетін жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған, жергілікті «Целинное знамя» газетінде жарияланады, «Мегаполис» радиосынан хабарланып, «Сары-Арқа» телеканалының жүгіртпе жолында жазылады. 

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары  бойынша білім

бөлімінің басшысы А.Х.Искакова 26 қыркүйекте - Жарқайың ауданы әкімдігінің отырысында тындалды.

Жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру жоспары бойынша Жарқайың ауданында 2016 жылы аудандық «Целинное знамя» газетімен және «Жарқайың тынысы» газетінде  38 мақала жарияланды, сонымен қатар, «Мегаполис» радиосынан хабарланып, «Сары-Арқа» телеканалының жүгіртпе жолында жазылады. 

2016 жылдың басынан бастап Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және оларды көрсету реті жарияланған стенді ресімделген. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету

орталығы» Департаментінің Жарқайың аудандық бөлімімен, Жарқайың ауданының «Білім бөлімінің» қатысуымен 2016 жылда  «Мектепке

дейінгі балалар ұйымдарына жіберу ұшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою мемлекеттік қызмет» стандарты күн тәртібі бойынша 1 дөнгелек үстел откізілді. Білім бөлімінің мамандары: Берлибекова Б.Т, Силеухадыр А, Ергазиева К.М, Мажитова

К.М, Калканова М.Н, 2016 жылы Білім беру жүйесінде «Сапалы қызмет көрсету тақырыбында, біліктілікті арттыру», курстарын өтті.

2016 жылғы  автоматтандыру қорытындысымен, яғни мемлекеттік қызметті электронды форматта көрсетуді қамтамасыз ету үшін қызмет

ұсынушының әкімшілік процесстерін қайта құру рәсімі бойынша келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: «Мектепке

дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою», «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған

балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен

жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша

функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру».

2016 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға

шағым түскен жоқ.

  Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына

қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

 

Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2017 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

 

 

 

 

Білім бөлімінің басшысы                                     А.Искакова

           

 

Просмотров: 1121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст